Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды

Мегаполисте кадр мәселелері жөнінде кеңес өтті. 

Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Кадр мәселелері жөніндегі кеңес барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша қала әкімінің өкімімен лауазымдарға тағайындалған аудандардың жаңа әкімдерін ұжымға таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Осылайша Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев келді. Ол 2022 жылдың тамыз айынан бастап қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарды.

Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин болды. Тағайындалғанға дейін ол энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. Ол 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу