Алматыда аудандық сот төрағасы қайтыс болды

644

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша Серікбай Төлепбергенов өзенге батып кеткен.   

Алматыда аудандық сот төрағасы қайтыс болды

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов оқыс жағдайда көз жұмды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

"9 тамызда Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов Алдабергенұлы кенеттен қайтыс болды", – деп жазылған хабарламада.

Кейін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аудандық сот төрағасының  Балқаш ауданы Миялы ауылы тұсында Іле өзеніне батып кеткенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу