Әлеуметтік желілерде "әскерилердің қимыл-әрекеттеріне байланысты Алматының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді" деген ақпарат тарады. Алайда Қорғаныс министрлігі бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомство Алматының әуе кеңістігіне ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді.
"Әуе кеңістігін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың жалған екенін естеріңізге саламыз", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу