Алматыда әуе қорғанысы әскерінің генерал-майоры сотталды

697

Әскерилер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, сот үкімі курсанттардың алдында акт залында оқылды.

Алматыда әуе қорғанысы әскерінің генерал-майоры сотталды

Алматыда сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін әуе қорғанысы әскерінің генерал-майоры 4 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы гарнизонының әскери сотында ҚР Қарулы күштерінің әуе қорғанысы әскерінің қолбасшысы, генерал-майор С.Исмаиловқа, әскери қолбасшының бірінші орынбасары, штаб басшысы, полковник Ж.Берниязовқа, подполковниктің көмекшісі Д.Алшоразовқа, 30131 әскери бөлімінің А.Бектұрсыновқа қатысты сот отырысы өтті", – деді Алматы облыстық әскери сотының баспасөз қызметінен.

Іс материалдарына сәйкес, 2018 жылы маусымда Исмаилов, Берниязов, Алшоразов пен Бектұрсынов әскерилерге жалған сыйақы тағайындап, 3 895 000 теңгені қолды еткен.

Сот үкіміне сәйкес С.Исмаилов ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі, 1-2 тармақтары бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Енді ол мемлекеттік қызметке өмір бойы алынбайды.

ҚР ҚК 49-бабының 2-бөлімімен С. Исмаиловтың генерал-майор шені мен 2 дәрежелі "Айбын" орденін қайтарып алу жөніндегіт президентке ұсыныс жіберілді.

Ж.Берниязов ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі, 1-2 тармақтары бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Д.Алшоразов ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі, 1-2 тармақтары бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

А. Бектұрсынов ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі, 1-2 тармақтары бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығына мемлекеттік қызметке орналасуға тыйым салынды.

Айта кету керек, әскерилер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сот үкімі курсанттардың алдында акт залында оқылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу