Алматы әуежайының маңында салынып жатқан 2 үйдің құрылысы тоқтады

673

Құрылыс нысандарында заңсыздықтар анықталды.  

Алматы әуежайының маңында салынып жатқан 2 үйдің құрылысы тоқтады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Тексеріс барысында Bastion тұрғын үй кешенінің құрылысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдардың келісімінсіз жүргізіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әуеайлаққа жақын аймақтарда және белгіленген күзет аумағы радиусында ғимараттардың қабатына шектеулер қойылады. Осы аймақта салынып жатқан барлық нысан тиісті келісім алуға міндетті. Мұндай құжатсыз құрылысты тоқтатамыз, қажет болған жағдайда сүріледі", – деді қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Сондай-ақ, Dream City Tech тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында құрылыс салушы қасбетті келісімсіз қаптай бастағаны белгілі болған.

Осы заңбұзушылықтарға байланысты барлық құрылыс жұмысын міндетті келісім мен рұқсат алынғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу