"Әуезов ауданы бойынша "Мектеп автобусы" жобасы аясында биыл 5 мектеп (9, 42, 127, 130, 153) қамтылады. Бұл осы мектептерде оқитын барлық баланы тасымалдаумен қамтамасыз етеді. Сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №9 және №127 мектеп оқушыларын тасымалдау қажет", - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.⠀
Сонымен қатар, №153 мектеп-ұйғыр тілінде оқытатындықтан, осы мектепте қаланың үш ауданынан балалар келіп оқиды.
№130 гимназия және №42 мектепте балалар Алатау ауданына келіп оқитындықтан оқушыларды тасымалдау қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу