"Прокуратураның санкциясымен Қазақстанға Ауғанстаннан апиын тобындағы есірткінің контрабасын ұйымдастырған трансұлттық есіртілік құрылымның қылмысы ашылып, жолы кесілді",– деп хабарлады комитеттен.
Халықаралық деңгейдегі арнайы операция Алматыда 15 маусым күні өткен.
"25 келілік есірткіні әкетіп бара жатқан "М" атты азамат ұсталды. Ол дәл осындай қылмыс жасағаны үшін Ресейде іздеуде жүрген. Қылмыстық жауапкершіліктен бұлтару үшін ол Тәжікстан Республикасының жалған құжатымен жүрген", –делінген хабарламада.
Оған көмектескен Қазақстанның тағы бір азаматы да ұсталды. Бұл қылмысқа қатысты басқа да адамдарды анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр.
Аян Бекенұлы