Қала нысандарын аралау барысында Алматы әкімі аула аумақтарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету мәселесіне бейінді басқармалардың назарын аударды. Тиісті күтімнің болмауына байланысты балалар мен спорт алаңдары қирап, жарамсыз болып қалады.
Сондай-ақ, Алматы әкімі ойын аймақтары жабындыларының сапасына назар аударды: жақында пайдалануға берілген нысандар (2021 ж.) нашар жағдайға жеткен.
Ерболат Досаев бейінді басқармалар мен аудан әкімдеріне, балалар ойын және спорт аймақтарын салу кезінде сапа стандарттарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, қала басшысы аудан әкімдіктеріне аулаларды ғана емес, жақын маңдағы аумақтарды мердігерлермен абаттандыру мәселесін шешу үшін қосымша қаражат бөлуді жүктеді.