Алматыда ауруханалар мен жедел жәрдем күшейтілген жұмыс режиміне көшті

930

Алматы әкімі Ерболат Досаев жедел штабтың жиынын өткізді.

Алматыда ауруханалар мен жедел жәрдем күшейтілген жұмыс режиміне көшті Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жедел штабтың жиынын өткізіп, жер сілкінісінен кейінгі әрекеттерді талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық әкімдік полиция департаменті қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын, барлық аурухана мен жедел жәрдем күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін мәлімдеді. 

Әкімдіктің хабарлауынша, қаладағы барлық мектеп пен балабақша, қабылдау пунктері ашық. Алматы әуежайы да штатты режимде жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу