Алматыда ауруханалардың техникалық базасын жақсартуға 60 млрд теңге жұмсалмақ

659

Саладағы жағдайды білу үшін қаладағы барлық медициналық мекемеде аудит жүргізілген.

Алматыда ауруханалардың техникалық базасын жақсартуға 60 млрд теңге жұмсалмақ

Алматыда 30-дан астам дәрігерлік амбулатория ашылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев баспасөз мәслихаты барысында айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Оның есебінше, саладағы жағдайды білу үшін қаладағы барлық медициналық мекемеде аудит жүргізілген.

"Ауруханалар мен емханаларда 30 мыңнан астам медициналдық жабдық пен 10 мыңнан аса техниканың тозығы жеткен. Осыны ескере отырып, әрбір аудандардағы мекемелердің техникалық базасын жақсарту үшін 3 жылдық жоспар жасадық. Бұл мақсатқа 60 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. 2020 жылы 20 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып алынады", – деді шаһар басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу