Алдағы демалыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Алматыда Алматы облысының жақын маңдағы ауданындағы (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) шаруа қожалықтарының және Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Онда 50-ден астам өнімі болады (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.).
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мына мекенжайда өтеді:
1. Алмалы ауданы (Гоголь көшесі - Масанчи көшесі);
2. Бостандық ауданы (Қазақфильм ш/а.);
3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесі);
4. Медеу ауданы (Меңдіқұлов көшесі - Бектұров көшесі және Шевченко көшесі - Қонаев көшесі);
5. Түрксіб ауданы (Жұлдыз ш/а).
Жалпы 250 тонна өнім әкелінеді, оның 40 тоннасы ет өнімдері, 130 тоннасы жеміс-көкөніс, 15 тонна сүт өнімдері, 5 тонна балық өнімдері, 60 тоннасы өзге де өнімдер.