Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Оған Алматы облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Сауда алаңдары сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қонаев қаласы мен Алматы облысының тоғыз ауданының шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынады. Өнім ассортиментіне 50-ден астам атау кіреді (ет және сүт, жемістер мен көкөністер, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.)

Оның жалпы көлемі 320 тонна, оның ішінде:

– ет өнімдері – 40 тонна;

– жемістер мен көкөністер – 160 тонна;

– сүт өнімдері – 15 тонна;

– балық өнімдері – 13 тонна;

– басқа өнімдер – 92 тонна.

Жәрмеңке өтетін жер – Шевченко мен Қонаева көшесінің қиылысы ("Ғылым ордасы" РКҚ Археология мұражайына қарама-қарсы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу