Алматыда ауыс-түйіс: Алатау ауданының әкімі тағайындалды

555

ҚР Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша, Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды.    

Алматыда ауыс-түйіс: Алатау ауданының әкімі тағайындалды Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Данияр Қырықбаев Алатау ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Данияр Қырықбаев 1986 жылғы 29 сәуірде Алматы облысының Жамбыл ауданында туған.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін және Л.Б. Гончаров атындағы қазақ автомобиль-жол институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы банк секторында бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда қызмет атқарды: "Қазақстан темір жолы" АҚ, Бас прокуратура, Парламент Сенатының Аппараты мен Жоғарғы сотта жұмыс істеді. Алматы бойынша соттар әкімшісінің басшысы қызметін атқарған.

2019-2021 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы филиалының директоры болды.

2021 жылдан бастап Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасын басқарды.

2024 жылғы сәуірден бүгінге дейін Алматы қаласы Қала құрылысына бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Алатау ауданының әкімі қызметін Талғат Малыбаев атқарған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу