Алматыда ауысымына 500 адам қабылдайтын заманауи емхана салынып жатыр

388

Наурызбай ауданында жаңа медициналық нысан 2026 жылы пайдалануға беріледі.  

Алматыда ауысымына 500 адам қабылдайтын заманауи емхана салынып жатыр Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Алматы қаласының Шұғыла шағынауданында ауысымына 500 адам қабылдай алатын заманауи емхана құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

 Жаңа медициналық нысан қарқынды дамып келе жатқан аудан тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ғимараттың жалпы ауданы 12,7 мың шаршы метрді құрайды. Емханада педиатрия, терапия және хирургия бөлімшелері, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және оңалту орталығы орналастырылады.

Медициналық мекеме заманауи құрылғылармен жабдықталып, МРТ, КТ, маммография, рентген кабинеттері және автоматтандырылған зертхана іске қосылады.

Тұрғындардың қолайлылығы үшін балалар мен ересектерге арналған бөлек кіреберістер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен жеделсатылар қарастырылған.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 40 пайызы орындалған. Нысан аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Емхананы 2026 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу