Алматыда ауыз су бағасы қымбаттай ма?

885

Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда Алматыда сумен жабдықтау тарифі ең төменгілердің бірі.

Алматыда ауыз су бағасы қымбаттай ма?

Мегаполисте 1 ақпаннан бастап суға бекітілген тариф 4%-ға арзандады. Бұл туралы бүгін әкімдіктің баспасөз орталығында ҚР Ұлттық экономика минстрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Самбетов хабарлады.

"Жалпы әкімдік бұған дейін қабылданған 5 жылдық жоспарда станцияларда өндірілетін электр энергиясы және оларды тасымалдауға кететін шығындар өспеген жағдайда сумен қамтамасыз етуге арналған тариф те 2024 жылға дейін өзгермейтіні көрсетілген. Жүргізілген анализ қорытындысы бойынша, жүктеменің бір бөлігін бюджеттік ұйымдарға және заңды тұлғаларға қайта бөлу жолымен департамент 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап сумен жабдықтау және су бұруға арналған тарифті 4%-ға арзандатты",– деді департаментінің басшысы Болат Самбетов.

Бұдан бөлек, ол Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда Алматыда сумен жабдықтау тарифі ең төменгілердің бірі екенін айтады. 

"Республиканың өзге өңірлерімен салыстырсақ "Алматы су" тарифі 6 орында, кәріз жүйесі бойынша – 3 орында тұр. Бұл ретте 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвестициялық бағдарламаға қатысты шығындарды қайта қарау және төмендету бойынша су және кәріз тарифтері 10%-ға арзандатылған еске сала кету керек",– деді Болат Самбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу