Алматыда авиациялық шоуға 10 мыңға жуық көрермен жиналды

279

"Байсерке аспаны – 2026" шоуында әуе техникасы мен ұшқыштардың шеберлігі көрсетілді.  

Алматыда авиациялық шоуға 10 мыңға жуық көрермен жиналды Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

Алматы облысындағы Байсерке аэродромында "Байсерке аспаны – 2026" авиациялық шоуы өтті. Ауқымды шараға 10 мыңға жуық көрермен жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көпшілікке түрлі әуе техникасының мүмкіндіктері мен кәсіби ұшқыштардың шеберлігі көрсетілді. Шоуға Ми-2 және Ми-8АМТ тікұшақтары, Ан-2, Як-18Т, Як-52, Як-55, Socata TB-10, Socata TB-20, Partenavia P.68 ұшақтары, сондай-ақ мотодельтапландар мен авиамодельдер қатысты.

Көрермендер тәжірибелі ұшқыштардың жоғары пилотажын тамашалады. Сонымен қатар Ми-8АМТ тікұшағымен өрт сөндіру техникасы көрсетіліп, екі Ан-2 ұшағынан парашютшілердің жаппай десанты ұйымдастырылды. Бағдарламада "Ромб" және "Веер" форматындағы топтық ұшулар да ұсынылды.

Шараның қорытынды бөлімінде ұшқыштар мен парашютшілердің бірлескен көрсетілімі өтті. Авиациялық шоу "Небо Байсерке" гимні, барабан шоуы және салютпен аяқталды.

"Байсерке аспаны – 2026" Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылғы республикалық туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.

Іс-шара Алматы облысының туристік әлеуетін танытып, өңірде оқиғалық туризмді дамытуға бағытталған ірі жобалардың біріне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу