Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті. Қаза тапқандар бар

2697

Полиция түсінік берді.

Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті. Қаза тапқандар бар Фото: Әлеуметтік желіден

Алматы полиция департаменті жантүршігерлік апатқа байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 18:15-те Райымбек даңғылы бойында болған. №47 автобустың жүргізушісін ер адам ұрғандықтан автобус басқарусыз кетіп аялдамадағы адамдарды жапырып өткен. Салдарынан үш адам қаза тауып тағы төрт адам жарақат алған.

"Басқарудан шығып кеткен автобус аялдама маңында болған адамдарды қақты, сонымен қатар төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі жараланып, ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісін ұрған азамат ұсталды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру реестріне тіркеліп, сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу