Видеодағы кадрлардан жанжал қоғамдық көліктің ішінде шыққанын байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төбелеске қатысушылардың бірі кейін шегінгенде екіншісінің қолына пышақ алып, алдыға ұмтыла жөнелгенін көруге болады.
Полиция департаменті аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлім етті. Бүгінде күдіктілер ұсталған және уақытша ұстау изоляторына қамалған.
– Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, – делінген департамент хабарламасында.