Алматыда автобус өртенді

392

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 

Алматыда автобус өртенді Фото: видеодан скриншот

Алматылық өрт сөндірушілер отқа оранған автобусты сөндірді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Алматыда отқа оранған автобустың видеосы желіге шықты.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, қаладағы Алатау ауданының құтқарушылары сағат 11:45-те "Қарасу" шағын ауданында өртенген автобусты сөндіруге жіберілді.

Құтқарушылар сағат 11:53-те жетті, автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Жалын шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құрады, өрт сағат 12.00-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге қалалық ТЖД-ның 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу