Алматыда автобус пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысты

285

Жол көлік оқиғасы Сүйінбай көшесі бойында болды.

Алматыда автобус пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысты Фото: видеодан скрин

Алматыдағы Сүйінбай көшесі бойында автобус пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы 11 желтоқсан сағат 07:10 кезінде Жетісу ауданында болған.

"Isuzu маркалы автокөліктің 1999 жылғы жүргізушісі Сүйінбай көшесімен келе жатып рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан көлік Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысты. Оқиға салдарынан Isuzu көлігінің жүргізушісі дене жарақатын алды", - делінген Алматы ПД-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Аталған жайт бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу