Алматыда Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында кешкі уақытта Toyota Haiz шағын автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жолға күтпеген жерден шыққан, ал жүргізуші оны қалың қардың салдарынан кеш байқаған.
Қатты соққының әсерінен жаяу жүргінші жол жиегіне ұшып кеткен. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен, өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм жақын маңдағы үйдің тұрғыны болған. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен небәрі 20 метр қашықтықта жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу