Бұл туралы куәгер әлеуметтік желілерде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"201 нөмірлі маршрут Төле бидің бойымен келе жатыр еді. Кенеттен қайнаған антифриз құбыры жарылды. Екі адам жарақат алды, олардың біреуі жүкті әйел, беті мен қолдары күйіп қалды. Киімі, шашы, бәрі май болды. Беттін бетперде қорғап қалды",– делінген желіде тараған бейне жазбада.
Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.
"Науқасты N4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігерлері қарады. Алғашқы көмек көрсетілді, кеңестер берілді. Тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық бағылау үшін емханаға ауыстырылды. Екінші науқас ауруханаға жатудан бас тартты",– деп жазылған департамент таратқан хабарламада.
"Алматыэлектротранс" бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.