Алматыда автобус жүргізушілері жолаушылардан оқшауланады

1403

Мұндай шешім 2023 жылдың желтоқсанында болған апаттан кейін қабылданды.

Алматыда автобус жүргізушілері жолаушылардан оқшауланады Фото: Дзен

Алматы автобустарында жүргізуші отыратын жер қоршалатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз", - деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Басқарма басшысы бұл мәселелер 2023 жылдың желтоқсанында болған апаттан кейін қарастырыла бастағанын атап өтті.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айының соңында автобус бір топ адамды қаққан еді.

Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу