Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмелері салынады

152

Барлығы 20 тоқтау-бұрылу алаңын салу жоспарланып отыр.  

Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмелері салынады Фото: gov.kz

Жоба жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға және автобус қозғалысын жүйелеуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тоқтау-айналу алаңы жол жиегінде мәжбүрлі түрде тоқтап тұрудың алдын алып, жүргізушілердің рейс арасындағы демалуына қажетті жағдай жасайды.

"Қазіргі таңда Көктөбе шағынауданында екі автобус бағытының соңғы нүктесі болып саналатын алаңның құрылысы аяқталды. Аталған бағыттарда жалпы 47 автобус қатынайды. Алаң аумағында тамақтану аймағы мен санитарлық кабиналары бар модульдік ғимарат орнатылып, асфальт төселді және жарықтандыру жүргізілді", – деп хабарлады қалалық әкімдік.

Қазір қаланың әртүрлі аудандарында биыл пайдалануға берілетін тағы үш алаңның құрылысы басталды.

Ал, 16 тоқтау-бұрылу алаңы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу