Алматыда автобус жүргізушілеріне жылдамдықты асырғаны үшін жаппай айыппұл салынды

144

2024 жылғы 17 сәуірде ІІМ бұйрығымен елді мекенде автобустар мен шағын автобустар үшін жылдамдық режимін сағатына 50 км дейін төмендету туралы құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. 

Алматыда автобус жүргізушілеріне жылдамдықты асырғаны үшін жаппай айыппұл салынды Фото: Жанара Каримова

Алматы прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасымен автобус иелерін айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқаманың күшін жоя отырып, негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартудың жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2024 жылдың 29 шілдесінен бастап "Сергек" АБК камералары көрсетілген жылдамдықты асыруды тіркеуге қайта бапталды. Алайда жолдарда ақпараттық белгілер орнатылмаған. Бұл, аталған санаттағы көлік құралдарын жүргізушілерінің жылдамдық режимін бұзуына әкеп соқты. Нәтижесінде 5 000-нан астам автобус иелері айыппұл төлеу жөнінде заңсыз нұсқамалар алған", –  делінген Алматы қаласы прокуратурасында.

Прокуратураның актілері бойынша айыппұл төлеу туралы нұсқаманың күші жойылды, 3102 кәсіпкерлік субъектісінің және 1995 азаматтың құқықтары қорғалды.

"Сонымен қатар айыппұл төлеу туралы нұсқамамен келіспеген көлік құралдарының иелері оған жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе сотқа (ӘҚБтК-нің 43-1 және 44-1-тараулары) дербес шағымдануға құқылы екенін түсіндіреміз. Өз кезегінде орындалған нұсқамаларды, яғни 50% мөлшерінде ерікті түрде айыппұл төлеген (іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды деп есептеледі), жауапқа тартылған адамның, қорғаушының, өкілдің арызы бойынша мұндай шешім шығарған орган (ӘҚБтК-нің 47-тарауы) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ғана қайта қаралуы мүмкін", – деді Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу