Алматыда автобус жүргізушілерінің кесірінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алды

606

Салдарынан 3 адам қаза тауып, 55 адам жарақаттанды.

Алматыда автобус жүргізушілерінің кесірінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алды

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарына тексеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Осылайша біз көлік құралында жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану деректерінің алдын алу, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатын көздеп отырмыз. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік органдардың да, азаматтық альянстың өкілдері де барынша жұмылдырылған", – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов. 

Полицейлер қабылданған шараларға қарамастан, қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғаларына жол беріп жатқанын атап өтті. Тек жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кесірінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 55 адам жарақаттанды. Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың құлауы өте жиі кездеседі, ол негізінен шұғыл тежеу немесе керісінше, жылдам қозғалу салдарынан орын алады. 2021 жылы автобустың ішінде құлағаннан 328 жолаушы зардап шекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу