Алматы қаласында 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында көлік құралында жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін жақсартуға, құқық бұзушылық деректерін анықтауға, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалануға, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуге бағытталған “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
"Осы іс-шара аясында жолаушылар көлігі ұйымдарының басшыларымен, жолаушылар көлігіндегі жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша мүдделі қызметтермен бірқатар кездесулер өткізілді. Сонымен қатар көліктік бақылау инспекциясы мен жол қауіпсіздігі инженерлерін тарта отырып, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау, автобустардың кәсіпорындардан, автовокзалдардан, өздігінен жүретін автотұрақтардан шыққанда жол алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өтуі және т.б. ұйымдастырылды. Заңсыз жабдықталған автобустарды, сондай-ақ техникалық жағдайы мен конструкциясы қозғалыс қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды (таксилерді) пайдалануға тыйым салу, кінәлілерді, оның ішінде осындай көліктерді желіге шығарған лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылды, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.
Сонымен қатар спикердің айтуынша, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды ауыздықтау бойынша жұмыс күшейтілген, соның ішінде, көлікті мас күйінде және белгіленген жылдамдықтан асыра айдау, сондай-ақ ережелерді бұзу: басып озу, қарсы келе жатқан көлікті өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы жүру. Жолаушылар көлігі жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері, әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін фото және бейне техникалық құралдарды қолдану арқылы тіркеледі.
Қабылданған шараларға қарамастан, автобус жүргізушілері ҚР ЖҚЕ өрескел бұзуға, соның ішінде адам өліміне әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғаларына жол беріп отыр. 2022 жылдың бір ай 20 күнінде қоғамдық көлік жүргізушілері 35 жол-көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан екі адам көз жұмды, тағы 38 адам жарақат алған.