Алматыда автобус жүргізушісі баланы қағып кетті

777

Жапа шеккен азамат оқиға орнында қаза тапты.  

Алматыда автобус жүргізушісі баланы қағып кетті

Алматыда "Қызыл еңбекші" ықшам-ауданынан жолға шыққан №10 автобус жүргізушісі артқа қарамай жүріп бара жатып жасөспірім баланы қағып кеткен. 2003 жылы дүниеге келген азамат жедел жәрдем келместен оқиға орнында көз жұмды.

"Қазіргі кезде адам өліміне алып келген жол көлік оқиғасы бойынша полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыс белгілері бар осы істі ҚК-нің 345 бабы 3 бөлімі негізінде тексеруге кірісті. Соған сәйкес арнайы сараптама жүргізіледі. Ал автобус жүргізушісі ҚПК-нің 128 бабы бойынша уақытша тергеу изоляторына тоғытылды", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу