Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушы қамауға алынды

363

Күдікті жүргізушіге тезірек жүруін талап еткен. 

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушы қамауға алынды Фото: видео скриншот

Алматыда қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушіні ұрған жолаушы қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 11 сәуір таңғы 08:00 шамасында № 98-бағыттағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты.

"38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті өзін қорғау үшін жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты", - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Еске салайық, былтыр Алматыда №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған еді. Салдарынан әйел есінен танып, көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қаққан болатын. Оқыс оқиғадан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу