Алматыда автобусқа оқ жаудырған адамның кім екені әлі анықталған жоқ

1179

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған факт бойынша тексеріс жүріп жатқанын айтты.

Алматыда автобусқа оқ жаудырған адамның кім екені әлі анықталған жоқ

Ал Алматыда белгісіз біреу автобусқа оқ жаудырды. Бұл туралы "Ситбас" ЖШС-нің бас директоры Егор Жиглов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуынша, бұл жыл басынан бері тіркелген төртінші жағдай. Бұзақылар пневматикалық қарумен көліктің терезелерін атып, 800 мың теңгеге шығын келтірген. Өкініше қарай, бұл қадамға  барғандар бейнебақылау камераларына түспей қалған. Себебі құрылғы тек автобустың ішін түсіреді.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек болса, аталған факт бойынша тексеріс жүргізіліп, бұзақылар анықталып жатқанын хабарлады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу