Алматыда автобустарда бетперде тақпаған 30 адамға айыппұл салынды

794

Қала тұрғындарына карантин талаптары бойынша нұсқаулар берілді. 

Алматыда автобустарда бетперде тақпаған 30 адамға айыппұл салынды

Алматыда 12 тамызда мониторингтік топтар қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Бір тәулік ішінде 91 автобус тексерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде бетперде режимін сақтамаған 27 жеке тұлғаға ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң ұстануға  шақырады. Барлық қала тұрғындарына нұсқаулар берілді: бетперде тағу режимін сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн.

Қалалықтарға берілетін нұсқаулар:
- жеке тұлғамен байланыстан аулақ болу, құшақтасып, қол алыспау;
- қолды жиі жуу, үйден тыс жерде бір реттік сүлгіні қолдану;
- жөтелгенде, түшкіргенде беторамалды пайдалану;
- үйден шығарда медициналық маска тағу.

Тұрғындар қоғамдық көліктегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс, ол үшін:
- қоғамдық көлікте жүргенде қолды дезинфекциялау;
- соңғы аялдамаға жеткен соң  қолды бірден сабындап жуу;
- егер біреу жөтелсе немесе түшкірсе ауыз бен мұрынды беторамалмен жабу. Ол болмаса бетті алақанмен емес, шынтақпен жабу;
- жөтелген немесе түшкірген адамнан аулақ болу. Көлік  жолаушыларға толы болса, онда келесісін күту;
- қоғамдық көлікте жолаушылармен сөйлеспеу. Мүмкіндігінше олардан тиісті (жолаушы толы көлікке кірмеу, келесі көлікті күту) қашықтықта болу;
- мүмкін болса көлік терезелерін ашу;
- баратын жерге жеткенше қолды бетке (ауызға, мұрынға, көзге)  тигізбеу.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу