Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендер саны 21 адамға жетті, олардың арасында 1 бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"8 қараша күні түскі сағат 13:59-да жедел жәрдем қызметіне Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында 2 автобустың соқтығысқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына 9 жедел жәрдем машинасы жетті. 21 адам медициналық көмекке жүгінді", - делінген мәліметте.
№4 қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен 6 зардап шегуші жеткізілді, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген медициналық көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаларға әрі қарай амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Жедел жәрдем ауруханасына 7 адам түсті. Олардың екеуі емдеу мекемесіне жатқызылды, бесеуі амбулаторлық емге жіберілді.
Жалпы қазір ауруханаларға 9 адам жатқызылды, барлығының жағдайы орташа, тұрақты.
2013 жылы туған бала Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағы мен мұрын жарақаты. Бала нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды.
Бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Еске салайық, бүгін Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.