Алматыда автотұрақ ақысы қымбаттайды

Тариф аумаққа байланысты белгіленеді. 

Алматыда автотұрақ ақысы қымбаттайды Фото: Tengrinews

Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Автотұрақ туралы айтар болсақ, биылдан бастап орындарды анықтап, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Бұл жұмысты 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек", - деді Ерболат Досаев.

Айтуынша, тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі.

"Мәселен Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шыға берісте бір тариф болса, өзге ауданда басқа тариф болады. Ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады", - деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу