Бұдан былай Алматы автотұрақтарын бірыңғай оператор – "Алматы автотұрағы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басқарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қалалық автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Төлем тарифке сәйкес алынады. Мамандар олардың жұмысын қадағалайды. Төлемеген жағдайда айыппұл салынады. Карусельде төлем әдістері көрсетілген.
Сұрақ туындаса, "Алматы автотұрағы" ШЖҚ МКК бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады: +7 727 338-29-95; +7 727 331 3949
Еске сала кетсек, Алматы автотұрақтары бұрын "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС мен Alan Parking компанияларына қарайтын. Олардың басшылығы былтыр қомақты қаржыны жымқырды деп айыпталып, істі болды. Осылайша қаладағы тұрақтар мемлекет меншігіне қайтарылды.