Алматыда аяғы ауыр келіншек тұрғын үйдің 8-қабатынан секіріп кетті

659

Наурызбай ауданына қарасты "Алма сити" тұрғын үй кешенінде аяғы ауыр келіншек суицид жасады.  

Алматыда аяғы ауыр келіншек тұрғын үйдің 8-қабатынан секіріп кетті Фото: almaty.tv

Келіншек үйдің 8-қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.

"Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі Наурызбай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталуда",- деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу