Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

437

Ол 2,2 млн теңгеден астам айыппұл төлейді.

Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды Фото: Polisia.kz

Алматыда 2 млн теңгеден астам соммаға жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік Ресей Федерациясы аумағында тіркелген.

Автоматтандырылған бағдарламалық жүйелердің мәліметі бойынша, Audi автокөлігінің жүргізушісі аз уақыт ішінде 92 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 2,2 млн теңгеден астам соманы құрады.

"Аталған бұзушылықтардың барлығы қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Жүргізуші көбінесе жылдамдықты бұзған. Оны "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстау мүмкін болды. Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы жалған мемлекеттік тіркеуіш нөмірлік белгілерін пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері "Қорғау – қауіпті жүргізуші" кешені қала жолдарында 3 мың 501 құқық бұзушылықты анықтады", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Басқарма өкілінің айтуынша, жақында Алматы жолдарында жүргізушілердің әрқайсысы 800 мың теңгеден кем емес заңбұзушылық жасаған тағы екі шетелде тіркелген көлік ұсталды. Олардың көліктері де мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Алматы полициясы әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу қажеттігін тағы да еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу