Алматыда әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

91

Абай алаңында өткен Наурыз мерекесі аясындағы іс-шаралардың бірі көпшілікке ерекше әсер сыйлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда әжелер подиумға шығып, сән көрсетті Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл күні алаңда дәстүр мен заманауи сәнді ұштастырған ерекше сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Қазақстанның танымал дизайнері Раушан Әнуарбекованың "Әлемді таңғалдырған әжелер" жобасы аясында сахна төріне 60 жастан асқан әжелер шығып, ұлттық киім үлгілерін көпшілікке паш етті.

Көрсетілімге ұсынылған киімдер қазақы нақышты сақтай отырып, қазіргі заман талаптарына сай жаңаша үлгіде тігілген. Әрбір образда ұлттық ою-өрнектер мен заманауи сән элементтері үйлесім тауып, ерекше эстетикалық көрініс қалыптастырды.

Сахнаға шыққан әжелер өзін еркін ұстап, өмірлік тәжірибесі мен ішкі мәдениетін айқын көрсетті, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Олардың әрбір қадамы мен болмысы сахнаға ерекше жылулық пен шынайылық сыйлады.

Іс-шараға жиналған жұртшылық сән көрсетілімін зор қызығушылықпен тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен қабылдады. Ұлттық киімнің қадір-қасиетін дәріптеген бұл көрсетілім Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, көпшілікке рухани шабыт сыйлаған тағылымды іс-шараға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу