Жандарбек Бекшин: Алматыда әзірге жеткілікті деңгейде ұжымдық иммунитет қалыптасқан жоқ

916

Шаһардың бас санитар дәрігерінің айтуынша, қазіргі қарқынмен алматылықтардың қорғаныш қабілеті тек келесі жылдың мамыр айында ғана қалыптасады.  

Жандарбек Бекшин: Алматыда әзірге жеткілікті деңгейде ұжымдық иммунитет қалыптасқан жоқ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Індет жағдайларының төмендегеніне қарамастан, Алматыда эпидемиологиялық ахуал бұрынғысынша күрделі күйінде қалуда. Соңғы аптада тұрғындар арасында КВИ-дің 1 065 жағдайы тіркелген, бір апта бұрын олар 1 398 болған. Өткен тәулікте – 146 жаңа инфекция жағдайы анықталды. Қала елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының "сары" аймағында орналасқан", – деді спикер. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада коронавирустың таралуы жалғасуда, ал бұл вакциналанбаған азаматтар үшін ерекше қауіпті. Бұл ретте ол 12 жастан асқан жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе салу арқылы ұжымдық иммунитетті 80%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті.

"Еске салсақ, ұжымдық иммунитет – инфекцияны тоқтатудың және халықтың бойында дертке қарсы қорғаныш қабілетін қалыптастырудың бірден бір жолы. Вакцинация және ревакцинация инфекцияның алдын алады. Әзірге біз иммундық қабаттың 56%-на жеттік. Бұл ретте тәулік сайын халықтың 0,1%-ы ғана вакцинацияланады. Ұжымдық иммунитеттің осындай қарқынымен кем дегенде 75%-ға біз келесі жылдың мамыр айында ғана қол жеткіземіз. Тағы да айта кетейін, вакцинацияны кешіктіру өте қауіпті", – деп түйендеді Жандарбек Бекшин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу