Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айтуынша мегаполисте бұл бағытта бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда. Олардың ішінде әлеуметтік азық-түліктің 15 түрін тіркелген, төмен бағамен сатып алу және сату үшін ірі сауда желілеріне жеңілдетілген қарыздар берілген.
"Несие беру арқылы ірі тауар өндірушілердің сату бағалары белгіленді. Қаланың 7 негізгі азық-түлік базарларында: Көк базар, Жаңа Ақбұлақ, Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб) "әлеуметтік дүкендер" жұмыс істейді. Онда ӘМБТ-тың 10 түрі: картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, макарон, ұн сатылады. Белгіленген бағалар орташа нарықтық бағадан төмен, бұл сатушылар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Республика бойынша форвардтық шарттар шеңберінде барлығы 38 мың тонна көкөніс сатып алынды, оның 60%-ы Алматы қаласына тиесілі.
Ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін бірінші санаттағы жұмыртқаға шекті баға қолданылады (487 тг/он). Сондай-ақ, ақ қырыққабатқа келісіне 83 теңге мөлшерінде 30 күн мерзімге шекті баға белгілеу пысықталуда.
"Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселесі ерекше бақылауда қалып отыр", – деді мегаполис басшысы.
Құралай Құдайберген