Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматыда бейінді басқармалар, сауда департаменті мен аудан әкімдіктерінің өкілдерінен тұратын арнаулы бақылау топтары құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бақылау ірі сауда нысандары, базарлар мен үйге іргелес тұрған дүкендерді қамтиды. Қазір қалада 51 базар, 200-ден астам супермаркет пен шамамен 4,5 мың осындай шағын сауда нүктесі жұмыс істейді.
Жыл басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Бұған қосымша көкөніс пен жеміс (қызанақ, қияр, алма), еттің түрлері, сүт өнімдері, шай, сондай-ақ балықтың 5 түрі енгізілді. Жаңа өнімдердің барлығы бақылауға алынып, осыған байланысты жеткізушілермен және сауда желілерімен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға көтерілгенімен, Алматыда ӘМАТ бағасының күрт өсуі тіркелген жоқ. Сауда желілері негізінен тез өтетін тауарлар жағын уақытылы қайта бағалап жатыр, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бірқалыпты.
Қала әкімдігінде көктемгі кезеңде оңтүстік өңірлерден, сондай-ақ көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан қосымша ерте пісетін көкөніс әкелуді де жоспарлап отырғандарын атап өтті.