Алматыда азық-түлік инфляциясын тежеуге 15 млрд теңге бөлінді

Биылғы 5 айдың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы 4,8%-ға өсті.

Алматыда азық-түлік инфляциясын тежеуге 15 млрд теңге бөлінді Фото: inbusiness.kz

Алматыда жыл соңына дейін азық-түліктің бағасы тұрақты болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев "Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" брифингте мәлімдеді. 

"Бұл әкімдіктің назарындағы маңызды дүние. Биылғы 5 айдың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы 4,8%-ға өсті. Бірақ бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 15 млрд теңге бөлдік. Менің ойымша, азық-түлік бағасы осы жылдың соңына дейін аздап болса да тұрақты болады. Биыл Алматыда инфляция 10-10,5% деңгейінде болады деп күтіліп отыр", – деді Ерболат Досаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу