Алматыда азық түлік өндірісінің индексі 88 пайызға дейін өсті

209

Шаһарда тамақ өнеркәсібінің өсу қарқыны байқалады. 

Алматыда азық түлік өндірісінің индексі 88 пайызға дейін өсті Фото: Алматы қаласы әкімдігі

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматыда тамақ өнеркәсібі өндірісінің өсу қарқыны қалпына келтірілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметі бойынша, азық – түлік өндірісінің индексі биылғы жылдың басынан бастап 84,6% - дан 88% - ға, сусындар 56,9% - дан 87% - ға дейін өсті.

Жалпы, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібінің 5% деңгейінде өсуі болжануда. Бұл ретте Алматының өңдеу өнеркәсібінде ең үлкен үлесті автомобиль жасау – 34,8%, тамақ өнімдерін өндіру – 18,3% және сусындар – 5,8% иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу