Алматыда БАӘ компаниясымен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды

362

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды БАӘ Azizi Group халықаралық компаниясының Басқарма төрағасы әрі негізін қалаушы Мирвайс Азизимен кездесті. 

Алматыда БАӘ компаниясымен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды Фото: Алматы әкімдігі

Кездесу барысында тараптар құрылыс, өнеркәсіп, туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Дархан Сатыбалды Алматы Қазақстандағы инвестициялық тартымдылығы жоғары шаһардың бірі болып қала беретінін атап өтіп, тұрақты экономикалық өсімді көрсетіп, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай ұсынып отырғанын жеткізген.

"Біз қаланың инфрақұрылымын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлес қосатын жаңа жобаларды қарастыруға дайынбыз. Алматы инвесторларға ашық әрі тұрақты даму жолын ұсынады", – деді Дархан Сатыбалды.

1989 жылы құрылған Azizi Group компаниясы бүгінде БАӘ жылжымайтын мүлік нарығындағы ірі девелоперлердің бірі болып саналады. Компания Қазақстан аумағында қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу