Алматыда бағаны негізсіз көтерген операторға қатысты тергеу басталды

1070

Компания бағаны 3 есе көтерген.

Алматыда бағаны негізсіз көтерген операторға қатысты тергеу басталды

Алматы-2 стансасының локомотив тартқыш операторы "Жолашар ТЖ-Сервис" компаниясына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы және кәсіпкерлердің ұжымдық өтініші негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактілері бойынша локоматив тартқыш оператор "Жолашар ТЖ-Сервис" ЖШС-ға қатысты тергеуді бастады", – деп жазылған хабарламада.

Кәсіпкерлер ұсынған мәліметтер бойынша 2021 жылғы 1 шілдеден бастап "Жолашар ТЖ-Сервис" ЖШС вагондарды беру-жинау қызметін 13 мың 13 теңгеден 37 мың 335 теңгеге дейін яғни бағаны 3 есе көтерген.

"Талдау жүргізу барысында "Жолашар ТЖ -Сервис" ЖШС Алматы-2 стансасынан оныншы жүріс жолы арқылы қабылдау-тапсыру (кірме) жолдарына дейін локомотив тартымы бар вагондарды беру-жинау қызметі нарығында монополиялық жағдайға ие екені анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу