Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.
Айта кететіні Байсат Алматыда "Барахолка" базары атанып кеткен Солтүстік айналма жолындағы сауда орындары құрамына кіреді.
"19 наурыз сағат 14:51–де өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 7, Байсат базары мекен-жайы бойынша, жоғары дәрежедегі шақырту номерімен шықты, 3 минутта келген сәтте бірнеше контейнерлердің жанғаны анықталды, өрт сөндіру техникасының өтуіне жеке автокөліктер кедергі жасаған себептен, оқиға орнына "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
Өрт 15 минуттың ішінде сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу