Алматыда "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау басталды

3486

Құжаттар 2019 жылдың 15 наурызына дейінгі 5 күн ішінде қабылданады. Содан кейін тұрғын үй басқармасы өтінішті қарастырып, "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді.

Алматыда "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау басталды

Алматы қаласының әкімдігі ТҚЖБ-мен бірлесе көп балалы отбасылар үшін "Бақытты отбасы" бюджеттік несие беру бағдарламасын іске қосуда, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Аталған бағдарлама Алматы қаласы әкімдігінде баспана алу үшін кезекте тұрған 1 276 көпбалалы отбасыларды пәтермен қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінгі күннен бастап олардың барлығы бағдарламаға қатысу үшін өз өтініштерін baqytty-otbasy.kz сайты арқылы онлайн режимде берулеріне болады.

Құжаттар 2019 жылдың 15 наурызына дейінгі 5 күн ішінде қабылданады. Содан кейін тұрғын үй басқармасы өтінішті қарастырып, "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді.

Бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушылар тұрғын үйді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен алдын ала заем түрін алуларына болады. Жеңілдетілген несиені алу үшін заем сомасының 10 пайызын құрайтын мөлшерде алғашқы жарнаның болуы қажет. Бұған қоса, бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушы көпбалалы отбасылар Алматы қаласы әкімдігінен құны 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификатын алады. Бұл қаражат заем алар кезде алғашқы жарнаны өтеуге арналған.

Несие тек жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін беріледі. Заемның ең жоғарғы сомасы 15 млн теңгеге тең.

Алматылық тұрғындар "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша пәтерді өздері іздеп табуға тиіс. Ол үшін оларға бір ай көлемінде уақыт беріледі. Пәтерлерді іздеп табуға ТҚЖБ қызметкерлері көмектесетін болады. Қазір арнайы осы үшін банктің қалалық филиалында барлық параметрлерге сәйкес сатылымға қойылған тұрғын үйлердің тізімі жасақталуда.

Ең жоғарғы сомасы 15 млн теңгені құрайтын заем бойынша несиені өтеу үшін айына 79 000 теңге төлеу қажет болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі төлемқабілеттілікті бағалау процесі жеңілдетілген тәртіпте өткізілетін болады. Бағдарламаға қатысушылар несиені өтеуге қажетті ай сайынғы төлем сомасы мен ересек кісіге шаққанда 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшеріндегі өмір сүруге арналған ең төменгі соманы төлеу үшін жеке табысының жеткілікті екендігін растауы керек. Төлемқабілеттілікті бағалау кезінде балаларға жұмсалатын шығын түрлері есептелінбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу