Алматыда балабақша тәрбиешісі 4 жасар баланы тұншықтырған

438

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Алматыда балабақша тәрбиешісі 4 жасар баланы тұншықтырған Фото: видео скриншот

Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін тәрбиеші 4 жасар баланы тұншықтарып, ұрып-соққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ата-ананың бірі 4 жасар баласының тәрбиешіден зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған. Ол бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, тәрбиеші баласын тұншықтырғанын көрсететін жазбаларды тапқан. Оқиға болған кезде бөлмеде тағы екі қызметкер болды. Алайда олар әріптесінің әрекетіне араласпаған.

Ата-аналар Бостандық аудандық полициясына арыз жазды.

"Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық тергеуді бастады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықталып жатқанын жеткізді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу