Алматыда балалар марафоны өтті

792

Халықаралық балаларды қорғау күні, Балалар жылы, есірткіге қарсы шара және Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай "Динамо" стадионында әскери-спорт мерекесі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда балалар марафоны өтті

"Жас Динамо марафоны" Алматы қаласының әскери және құқық қорғау органдарының, күштік және басқа да арнайы құрылымдары қызметкерлерінің балаларын, кадет сыныптарының, әскери-патриоттық клубтардың, "Жас Динамо" спорт секцияларының, оның ішінде демеуші балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін, ювеналдық полицияның профилактикалық есебінде тұрған кәмелетке толмаған балаларды жинады. Сондай-ақ жарысқа, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары да қатысты", – дейді "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамы орталық кеңесі төрағасының орынбасары Асқар Омарқұлов.

Спорттық мерекенің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды спортқа баулу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.

10-14 жас аралығындағы балалар келесі сайыстар бойынша бақ сынады:
 - 60 және 100 метрге жүгіру;
 - Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру;
 - дартс жарыстары;
 - мини-футбол.

Ойындар арасындағы аралықта ПД ЖҚАЖ қызметкерлері, би және басқа да шығармашылық топтар өнер көрсетті.  

Марафон аясында флешмоб та өтті.

"Балалар арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің және басқа да қоғамға жат көріністердің алдын алу шаралары басымдыққа ие болды. Бұл жұмыста "Динамо" әкімшілік полициямен, ювеналды полиция бөлімшелерімен, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен, ардагерлер Кеңестерімен және басқа да құрылымдармен белсенді әрекеттесуде. Бұл – Қазақстанның салауатты және мықты болашағы жолындағы жемісті ынтымақтастық. Мереке қатысушыларына балмұздақ пен тәттілер таратылды, ал үздік спортшылар медальдармен, бағалы және естелік сыйлықтармен марапатталды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Олжас Мырзабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу