Алматыда балалар үйінің асханасынан өрт шықты

168

Қазірге өрттің шығу себебі белгісіз, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда балалар үйінің асханасынан өрт шықты Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Наурызбай ауданындағы балалар үйінің асханасынан өрт шыққан сәтте ғимарат ішінде адамдар болмаған.

Тәрбиеленушілер мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт асхана мен оған іргелес 3 қабатты ғимараттың шатырын шарпыған. Өрттің аумағы нақтылануда, шатырды ашу арқылы сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мешітке орналастырылды, олар тамақпен қамтамасыз етіліп, дәрігерлер мен психологтардың бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу