Алматыда балалар үйінің басшысы ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталып отыр

859

Аудит материалдары негізінде 58 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматыда балалар үйінің басшысы ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталып отыр

Алматы прокуратурасы "Жанұя" мамандандырылған кешенінде жоспардан тыс тексеру жүргізді.  Мекеме қызметкерлеріне жалақының негізсіз артық төленуі, тауарлар мен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды, оның ішінде демеушілік көмек пен ғимаратты жөндеу үшін төлемақы да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Әлеуметтік объектіде балалардың тамақтануы бойынша белгіленген нормалар сақталмады, сапасыз өнімдер сатып алынды, оларды сақтау шарттары бұзылды. Әкімшіліктің әрекетсіздігі салдарынан 22 тәрбиеленушіге жалпы сомасы 10 млн теңге мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетілмеген. Жылдар бойы жетім балаларға қайтыс болған ата-аналарының жылжымайтын мүлігі уақытында тіркелмей келген", - деп хабарлады қалалық прокуратурада.  

Сонымен қатар мүгедек жетім балаларға тиісті психологиялық және медициналық көмек көрсетілмеді.  Нәтижесінде дерті асқынған 18 түлек мүгедектер үйіне ауыстырылды.  Орталық ғимараты, 1967 жылы салынған. Ол санитарлық талаптарға сәйкес келмейді, күрделі жөндеу ешқашан жүргізілмеген.  Прокуратураның ұсынысы бойынша Алматы әкімдігі бүкіл ғимаратты күрделі жөндеуге және абаттандыруға ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлді.  

"Аудит материалдары негізінде 58 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (ҚР ҚК 189-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы). Тергеу Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне жүктелді. Мекеменің бұрынғы басшысы К. қызметінен босатылды, ал тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш. Жұмыстан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.  

Фото: КТК
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу